09
қазан
2026
«Заң және тәртіп» – қауіпсіз мектеп, жарқын болашақ!
«Заң және тәртіп» – қауіпсіз мектеп, жарқын болашақ!
2026 жылғы 8 қазанда Мағжан Жұмабаев атындағы №21 орта мектепте оқушылардың қатысуымен «Заң және тәртіп» тақырыбында жалпы мектепішілік жиын өткізілді.
Жиынның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу, мектептегі тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің бойында жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Жиын барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, мектептің ішкі тәртіп ережелерін орындау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және құқық бұзушылыққа жол бермеу мәселелерінің маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар, әрбір оқушының қауіпсіз орта қалыптастыруға қосатын үлесі, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауы және айналасындағылардың құқықтарын құрметтеуі қажеттігі атап өтілді.
Заңды білу – міндет, тәртіпті сақтау – жауапкершілік!
Біз қауіпсіз, тәртіпті және құқықтық мәдениеті жоғары мектеп ортасын қалыптастыру жолында бірлесе жұмыс жасаймыз!
Заңды құрметтейік! Тәртіпті сақтайық! Қауіпсіз болашаққа бірге қадам басайық!
Заң және тәртіп
Қауіпсіз мектеп
Құқықтық сауаттылық
Құқық бұзушылықтың алдын алу
Мағжан Жұмабаев атындағы №21 мектеп
Тәртіп табысқа бастар жол