ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДАҒЫ ТӘРТІП – ӘРБІРІМІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІМІЗ! » Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің "Мағжан Жұмабаев атындағы № 21 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Мағжан жұмабаев атындағы №21 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 52-79-96
Есепші бөлімі:
+7(7262) 52-76-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
қараша
2026

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДАҒЫ ТӘРТІП – ӘРБІРІМІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІМІЗ!

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДАҒЫ ТӘРТІП – ӘРБІРІМІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІМІЗ!
2026 жылғы 10 қараша күні М. Жұмабаев атындағы №21 орта мектепте 9, 10, 11-сынып оқушыларының қатысуымен «Қоғамдық орындардағы тәртіп және мүлікке жауапкершілік» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау мәдениетін қалыптастыру және мектеп мүлкіне ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Кездесу барысында оқушыларға қоғамдық тәртіп нормаларын сақтау, мектептің ішкі тәртіп ережелерін орындау, ортақ пайдаланылатын мүлікті қорғау, өзгенің еңбегін құрметтеу және әрбір іс-әрекет үшін жауапкершілік сезіну мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар мектеп парталарына, орындықтарға, есіктерге, қабырғаларға және басқа да мектеп жабдықтарына зиян келтірудің салдары мен заң аясындағы жауапкершілік туралы айтылды.
Оқушыларға «Мектеп мүлкі – ортақ байлығымыз, оны сақтау – баршамыздың міндетіміз!» деген ұстаным жеткізілді.
Тәртіп – талаптан, тазалық – мәдениеттен, ал жауапкершілік – саналы тәрбиеден басталады. Әрбір оқушы өз ортасына құрметпен қарап, қоғамдық тәртіпті сақтауды азаматтық борышы деп білуі тиіс.
Тәртіпті ұрпақ – қауіпсіз қоғамның кепілі!