14
қыркүйек
2026
М. Жұмабаев атындағы №21 орта мектепте білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және заң талаптарын түсіндіру мақсатында маңызды кездесу ұйымдастырылды.
М. Жұмабаев атындағы №21 орта мектепте білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және заң талаптарын түсіндіру мақсатында маңызды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Мадияр Альфараби Мұратбекұлы
Тараз қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры арнайы келіп, мектебіміздің 9, 10, 11-сынып оқушыларымен мазмұнды кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға:
кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу;
заң талаптарын сақтау және құқықтық жауапкершілік;
құқық бұзушылықтың салдары;
жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері;
қоғамдық орындардағы тәртіп пен қауіпсіз мінез-құлық;
заң алдындағы жауапкершілік мәселелері бойынша нақты түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар, оқушылар қолданыстағы заңнаманың негізгі талаптарымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық тұрғыдан маңызды жауаптар алды.
Басты мақсат – жасөспірімдердің заңды құрметтеуіне, өз құқықтары мен міндеттерін білуіне, әр әрекеттің жауапкершілігі бар екенін түсінуіне ықпал ету.
Заңды білу – өз құқығыңды қорғау.
Заңды құрметтеу – өз болашағыңды қорғау! https://www.facebook.com/share/v/19cra1LmsS/