13
мамыр
2026
М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектебінде 11-сынып түлектерімен қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектебінде 11-сынып түлектерімен мектеп бітіру кешін жоғары деңгейде әрі қауіпсіз ұйымдастыру мақсатында арнайы қауіпсіздік техникасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Түлектерге мерекелік кеш барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және жеке қауіпсіздік ережелері кеңінен түсіндірілді.
Басты мақсат — әрбір түлектің қуанышты кешті қауіпсіз әрі жарқын естеліктермен өткізуі 
Барша түлектерге сәттілік, жарқын болашақ және ұмытылмас кеш тілейміз! 
