«Дроппер деген кім? Банк картасын бөтен адамдарға берудің қауіптілігі» » Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің "Мағжан Жұмабаев атындағы № 21 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Мағжан жұмабаев атындағы №21 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 52-79-96
Есепші бөлімі:
+7(7262) 52-76-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
қараша
2026

«Дроппер деген кім? Банк картасын бөтен адамдарға берудің қауіптілігі»

«Дроппер деген кім? Банк картасын бөтен адамдарға берудің қауіптілігі»
2026 жылғы 10 қараша күні М. Жұмабаев атындағы №21 орта мектепте білім алушылардың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында «Дроппер деген кім? Банк картасын бөтен адамдарға берудің қауіптілігі» тақырыбында сұрақ-жауап форматында түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға дроппер ұғымының мәні, олардың алаяқтық әрекеттерге қалай тартылатыны, банк картасын, шот деректерін және SMS арқылы келетін растау кодтарын бөгде адамдарға берудің құқықтық және қаржылық салдары түсіндірілді.
Сонымен қатар оқушыларға бейтаныс адамдардың «оңай табыс табасың», «картаңды уақытша пайдалануға бер» деген ұсыныстарына сенбеу, жеке банк деректерін құпия сақтау және күмәнді жағдайларда ата-анасына немесе тиісті мамандарға жүгіну қажеттігі ескертілді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жағдаяттар бойынша пікір алмасты.
Басты мақсат – жасөспірімдердің қаржылық сауаттылығын қалыптастыру, цифрлық алаяқтықтан сақтандыру және заң алдындағы жауапкершілікті сезіндіру.
Қаржылық қауіпсіздік – әр адамның жеке жауапкершілігі!