18
қараша
2026
ҚҰҚЫҚТЫ БІЛ — ҚАУІПСІЗДІГІҢДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТ!
ҚҰҚЫҚТЫ БІЛ — ҚАУІПСІЗДІГІҢДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТ!
2026 жылғы 18 қараша күні М. Жұмабаев атындағы №21 орта мектепте құқықбұзушылықтың алдын алу және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында маңызды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Тараз қаласы прокуратурасының өкілі Мадияр Әл-Фараби Мұратбекұлы және Жібек жолы ауданы полиция бөлімінің өкілі Алмас Әбдіралиев қатысып, мектептің 9, 10, 11-сынып оқушыларымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ әрбір әрекет үшін жауапкершілік мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Мамандар оқушыларға өзекті сұрақтар қойып, олардың пікірлерін тыңдап, заң аясында жауаптар берді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оқушылар өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауға және саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.