15
мамыр
2026
М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектебінде тұрмыстық қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектебінде тұрмыстық қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Тұрмыстық қауіпсіздік үшін газ бен электр құралдарын дұрыс пайдаланып, ашық отты қараусыз қалдырмау қажет. Балаларды отпен ойнаудан сақтандырып, сіріңке мен оттықтарды қолжетімсіз жерде сақтау маңызды. Газдың иісі сезілсе, терезені ашып, сыртқа шығып, мамандарға хабарлау керек.
Су тасқыны кезінде ресми ақпаратты бақылап, қауіпсіз жерге көшу қажет. Каналдар мен арықтардың маңында абай болып, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау — әр азаматтың міндеті. Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамау керектігін оқушыларға түсіндіру жұмысы жүргізілді.