М. Жұмабаев атындағы орта мектебінде «Зерде» мектепішілік зерттеу жобасы өткізілді » Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің "Мағжан Жұмабаев атындағы № 21 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Мағжан жұмабаев атындағы №21 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 52-79-96
Есепші бөлімі:
+7(7262) 52-76-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
қараша
2026

М. Жұмабаев атындағы орта мектебінде «Зерде» мектепішілік зерттеу жобасы өткізілді

М. Жұмабаев атындағы орта мектебінде «Зерде» мектепішілік зерттеу жобасы өткізілді

М. Жұмабаев атындағы орта мектепте оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру, ізденімпаздыққа баулу және ғылымға деген қызығушылығын ояту мақсатында «Зерде» мектепішілік зерттеу жобасы ұйымдастырылды.
Аталған жобаға бастауыш және орта буын сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылар өз қызығушылықтары мен таңдаған тақырыптары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жинақтаған мәліметтері мен зерттеу нәтижелерін көпшілік алдында қорғады.
«Зерде» жобасы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, ғылыми ізденіске деген ынтасын қалыптастыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға зор мүмкіндік берді.
Осындай іс-шаралар жас зерттеушілердің талабын шыңдап, болашақта ғылым жолына қадам басуына жол ашады.