Педагогикалық кеңес » Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің "Мағжан Жұмабаев атындағы № 21 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Мағжан жұмабаев атындағы №21 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 52-79-96
Есепші бөлімі:
+7(7262) 52-76-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
тамыз
2026

Педагогикалық кеңес

Педагогикалық кеңес отырысы өткізілді
М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектебінде 2026–2027 оқу жылына дайындық жұмыстары аясында педагогикалық кеңес отырысы өткізілді.
Педагогикалық кеңес барысында мектептің жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес:
• педагогикалық кеңес және тарификация комиссияларының құрамын бекіту; 
• 2025–2026 оқу жылының қорытындыларын талдау және 2026–2027 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту; 
• «Адал азамат» тәрбие бағдарламасының құндылықтарын жүзеге асыру және «Зерделі ұлт» бастамасын іске асыру; 
• жаңа оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспарын бекіту; 
• оқушыларды ыстық және тегін тамақтандыру жұмыстарын ұйымдастыру; 
• сыныптарды жинақтау және оқушыларды сыныптарға бөлу; 
• педагогтердің оқу жүктемесін, жетекшілер мен тәлімгерлер тізімін бекіту; 
• үйде оқытылатын оқушылардың білім алуын қамтамасыз ету; 
• аттестаттау комиссиясының құрамын және педагогтердің біліктілігін бағалау үдерісін ұйымдастыру; 
• құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын бекіту мәселелері қарастырылды. 
Отырыс барысында әр мәселе бойынша жауапты тұлғалардың ақпараттары тыңдалып, алдағы оқу жылында атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды.
Педагогикалық кеңес қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, педагогтерге нақты міндеттер жүктелді.
Жаңа оқу жылын жүйелі әрі нәтижелі бастау – сапалы білім мен саналы тәрбие берудің маңызды негізі. Мектеп ұжымына жаңа оқу жылында шығармашылық табыс, кәсіби жетістік және толағай нәтижелер тілейміз! 

Показать меньше