19
мамыр
2026
Тәрбиелік мәні зор кездесу өтті
Тәрбиелік мәні зор кездесу өтті
Бүгін М. Жұмабаев атындағы №21 орта мектеп мәжіліс залында тағылымды әрі тәрбиелік мәні жоғары кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Тараз қаласы Жібек жолы ауданы әкімдігі өкілдері, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен мүшелері, Аналар кеңесінің төрайымы және ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілік туралы маңызды ойлар айтылды. Қонақтар жас ұрпаққа өнегелі өмір жолы, адамгершілік қасиеттер және ұлттық тәлім-тәрбие жайында мазмұнды кеңестерімен бөлісті.