29
қазан
2025
«Жасанды интеллект (ЖИ): Болашақтың технологиясы» тақырыбында мектеп педагогтерімен коучинг
М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Л.Н.Байдарманова 2025 жылдың 28 қазан күні «Жасанды интеллект (ЖИ): Болашақтың технологиясы» тақырыбында мектеп педагогтерімен коучинг өткізді: Қазіргі заманғы әлемде жасанды интеллект өміріміздің барлық салаларына еніп, ғылым, бизнес, медицина, білім беру, көлік және тұрмыс салаларын түбегейлі өзгертуде. Мұғалімдер үшін ЖИ құралдары оқыту процесін жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге және сабақтарды тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Мұндай құралдар оқушылардың қызығушылығын арттырып, жеке тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді.







