Ата-аналар арасында «Баламның достары кім? Мен оның ортасын білемін
Ата-аналар арасында «Баламның достары кім? Мен оның ортасын білемін бе?» тақырыбында пікір алмасу өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, баланың достық ортасын танып-білуге және баламен ашық қарым-қатынас орнатуға ықпал ету. Пікір алмасу барысында ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, баланың кіммен араласатынына қызығушылық таныту, сенімді қарым-қатынас қалыптастыру және дұрыс бағыт-бағдар берудің маңыздылығын талқылады.