05
қараша
2026
Мектептің даму бағыты
Мектептің даму бағыттарын жетілдіру, білім беру сапасын арттыру және оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында пәндік бірлестік жетекшілерімен мектеп жобаларын талқылау жұмыстары жүргізілді. Мектепте жүзеге асырылатын жобалардың негізгі бағыттары, мақсат-міндеттері, іске асыру жолдары мен күтілетін нәтижелері қарастырылды. Әрбір пәндік бірлестіктің жобаларды жүзеге асырудағы рөлі мен жауапкершілігі талқыланып, пән ерекшеліктеріне сәйкес ұсыныстар айтылды.