03
қараша
2026
Өнер мен инновация тоғысқан тағылымды семинар
Өнер мен инновация тоғысқан тағылымды семинар!
«Музыка сабағында оқушылардың шығармашылық белсенділігін жасанды интеллект арқылы арттыру» тақырыбында №63 мектепте қалалық семинар өтті.
Семинарды М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектептің музыка пәні мұғалімі Баймұрзаева Сара «Әлемдік джаз және жасанды интелект:музыка сабағындағы жаңа шығармашылық кеңістік» тақырыбында сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шара барысында жасанды интеллект мүмкіндіктерін музыка сабағында тиімді қолдану, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру жолдары кеңінен көрсетілді.
Осындай тағылымды кездесулер ұстаздар арасындағы тәжірибе алмасуға жол ашып, білім беру үдерісіне жаңашылдық енгізуге ықпал етеді.
Өнермен өрілген білім – болашаққа бастар жол! https://www.facebook.com/share/r/1H4AsoAJdr/