М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектебінде кезекті педагогикалық кеңес
2025 жылдың 31 октябрь күні М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектебінде кезекті педагогикалық кеңес «Білім сапасы мектеп жұмысының негізгі көрсеткіші ретінде» тақырыбында өткізілді. Жиналыс барысында 1- тоқсанның қорытындысы бойынша оқушылардың оқу үлгерімі талданды, мониторинг жүргізілді. Ерекше білімді қажет ететін оқушылар туралы және инклюзивті оқыту білімімен қамтылуы қарастырылды. Оқу процесінің сапасын бақылау барысы, ЖИ (жасанды интеллект) кіріктірілу деңгейі талқыланды.