Қамқоршылық кеңес » Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің "Мағжан Жұмабаев атындағы № 21 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Мағжан жұмабаев атындағы №21 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 52-79-96
Есепші бөлімі:
+7(7262) 52-76-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
қаңтар
2020

Қамқоршылық кеңес

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Жұмабаев атындағы № 21 орта мектебі» КММ
080000, Тараз қаласы, Прибалхаш көшесі, №15 «А», тел: 52-79-96, taraz21@mail.ru

Мағжан Жұмабаев атындағы № 21 орта мектеп директоры Салтанат Батырбековна Ботамкулованың 2020 жылдың 17 қаңтар күні «Қамқоршылық кеңес» алдындағы І жарты жылдықтағы есебі

Құрметті мектептің қамқоршылық кеңес мүшелері!
Мектеп пен ата-аналар арасындағы келсім шарт пен таныстырды. Ата-аналар келісім шарт пен таныстық деп өз қолдарын қойған. Аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тіркеу, мектепке тарту, көмек қолын созатын демеушілер мен меценаттар тарту жұмыстары жүргізілуде. 26-27 желтоқсан күндері мектеп ұжымы «Жаңа 2020 жыл» атты ертеңгілік ұйымдастырылып, мерекеге орай балаларға сыйлықтар мен ойыншықтар сыйға берілді. Мектептегі жаңа-жылдық іс-шаралардың бәрін мектеп ұжымы өзі ұйымдастырып тегін өткізді. Ұлы ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай арнайы банер,стенд жасалып мектептің мәжіліс залына ілінді. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай мектепте тәрбие сағаттары, эссе жазу, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылуда.
25 қазан күні «Қамқоршылық кеңістің» төрайымы Т.Очилова ұйымдастыруымен өткен мектепішілік «Күз сыйы 2019» жәрмеңкесінен түскен қаражатқа мектеп ауласында орналасқан әжетхана алдына бағана орнатылып жарық жүргізілді, мектепішілік автокөліктің тұрағына оқушылар отыратын орындық, темірден қоршаулар орнатылды. 4,9,11 сынып оқышыларының ата-аналардың өтініштері бойынша тақырыптың толық қамтылмауына байланысты әр айда бір рет ақылы тест ата-аналардың келісімімен ұйымдастырылып тұрады.
Қаңтар айының 10-18 күндері 4-10 сыныптан 523 оқушы жетекшілермен бірге қаланың көрнекті орындарына, қалалық музейге, тарихи ескерткіштер орнына экскурсия барып, естелікке суретке түсті. Ата-анасының ішкілікке салынып, құқығынан айрылуы салдарынан 4 «В», 7 «Д» сынып оқушылары Кристина Яскит пен Артем Яскит «Жасөспірімдерге арналған уақытша оқшалау орталығына» орналастырылды. Мектепішілік тіркеуде 1 оқушы,Тараз қаласы полиция бөлімшесінде есепте тұратын оқушы жоқ. Алдағы уақытта нәтижелі де, тиімді жұмыстар атқарылады.

Мектеп директоры С.Б. Ботамкулова

Похожие публикации:

20 қыркүйек 2019 Қамқор
18 сәуір 2019 Іс шаралар
18 сәуір 2019 Іс шаралар
18 сәуір 2019 Ақпарат