Қамқор » Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің "Мағжан Жұмабаев атындағы № 21 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Мағжан жұмабаев атындағы №21 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 52-79-96
Есепші бөлімі:
+7(7262) 52-76-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
қыркүйек
2019

Қамқор

                        «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Жұмабаев атындағы                             № 21 орта мектебі» КММ

                                                                                    080000, Тараз қаласы, Прибалхаш көшесі, №15 «А», тел: 52-79-96taraz21@mail.ru



Мағжан Жұмабаев атындағы № 21 орта мектеп директоры Салтанат Батырбековна Ботамкулованың 2019 жылындағы ІІ жарты жылдықтағы есебі



  Құрметті мектептің қамқоршылық кеңес мүшелері!                                                                         2019 жылдың 26 наурыз күні мектебіміздің 30 жылдығына орай үлкен мерекелік іс-шаралар өтті. Мектеп музейін Мағжан Жұмабаевтың немере інісі Мұрат  Нүгербекұлы Бекишов пен Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Мубарак   Қасымқызы Жинақбаева салтанатты түрде ашты. Мерекелік іс- шараға ардагер ұстаздар, мектеп түлектері, оқу озаттары т.б. қонақтар қатысты. Мектеп музейінің қадірлі қонағы облыс әкімі А.И.Мырзахметов, қала әкімі Қ.А.Досаев болып, музей кітапшасына өз қолтаңбаларын қойды. Ұлағатты ұстаздармен естелікке суретке түсті.                                                              2018-2019 оқу жылында мектепті екі оқушы Ділдеханова Ақбаян мен Керімбаева Ақерке «Алтын белгімен» бітірді.  2019 жылдың  маусым, шілде, тамыз жаз айларында қала сыртында орналасқан «Рауан», «Болашақ», «Бәйтерек» демалыс лагерінде  64бала демалды. 2019 жылдың 1 қыркүйек «Білім күніне» орай «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында өткізілген іс-шараға қала әкімі Қ.А.Досаев қатысты. Жиын соңында әкім мырза жергілікті халықпен кездесіп, түрлі сұрақтарға  жауап берді.                                                  2019-2020 оқу жылында мектепте 1253 оқушы білім алады. 55 сынып бар, соның ішінде              3 орыс 42 қазақ сыныптар.  Өткен 2018-2019 оқу жылында мектепте тегін тамақпен қамтылған оқушылар саны 256 болса, биылғы жаңа 2019-2020 оқу жылында мектепте                 425 оқушы асханадан тегін тамақпен қамтылған. Мектеп оқушылары бәрі мектеп ережесіне сай мектеп формасын киіп келеді, діни атрибутикалық киім киетін оқушылар мектепте жоқ. 2018 жылдың 5 қыркүйегінің № 290 бұйрығына сәйкес  «Шалғай» жерлерде тұратын оқушыларды тасуға  Тараз қалалық білім бөлім  басқармасынан   «ПАЗ -  32054»  автобусы бөлінген. 2018-2019 оқу жылында автобус күніне 5 рейс жасап тасмалданатын оқушылар саны 201 бала болса, 2019-2020 оқу жылындажылында автобус күніне 7 рейс жасап тасмалданатын оқушылар саны 245 балаға дейін өсті.  Аз қамтылған,   ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тіркеу мектепке тарту, көмек қолын созатын демеушілер мен меценаттар тарту жұмыстары жүргізілуде. Материалдық қолдау көрсету мақсатында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасы үйлеріне мектеп ұжымы жиі барып тұрды. Сынып жетекшілермен бірге оқушылар көрнекті орындарға, қалалық музейге, тарихи ескерткіштер орнына экскурсия ұйымдастырылп тұрады. Мектепішілік тіркеуде,Тараз қаласы полиция бөлімшесінде есепте тұратын оқушы жоқ. Алдағы уақытта нәтижелі де, тиімді жұмыстар атқарылады. 
 
 



                      Мектеп директоры                              С.Б. Ботамкулова

Похожие публикации:

18 сәуір 2019 Іс шаралар
18 сәуір 2019 Іс шаралар
18 сәуір 2019 Ақпарат
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив