Әдістемелік жұмыстар » Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің "Мағжан Жұмабаев атындағы № 21 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Мағжан жұмабаев атындағы №21 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 52-79-96
Есепші бөлімі:
+7(7262) 52-76-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
наурыз
2019

Әдістемелік жұмыстар

Анықтама
21 мектеп бойынша
Саяхат пән бірлестігінде 28.01.19 – 08.02.19ж аралығында онкүндік жоспар бойынша өтілді.
Бірлестік жетекшісі Абдуллаева Ш.Б бірінші,екінші кезең бойынша линейка өткізіп, мектеп фойесін безендіріп, «Табиғатты аяла» тақырыбында көрме ұйымдастырды. Жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі Касенова М.И. 8 «д» сыныбымен «Строение скелета человека. Роль и функций опорно-двигательной системы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа қатысқан мұғалімдер өз пікірлерін ортаға салды. Сабақ жүйелі, жоғары деңгейде өтілді. Алынған материалдар сабақ барысында дұрыс қолданылды. Мұғалім өз пәнін жетік меңгерген, көп мәліметтерді өзімізге ала алдық деп ,сабақтың өтілуін 5 деп бағалады.
Жоғары санатты химия пәнінің мұғалімі Аманбекова З.Ж. 9а сыныбымен «Сандық есептер. Металдар және оның қосылыстары» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа қатысқан мұғалімдер, директордың оқу- әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Батыршаева Қ.Б сабақты талдап, ойларын ортаға салды, өте тартымды, жүйелі, қызық өтілді . Пән мұғалімінен үйренгеніміз көп болды.
Бірінші санатты химия пәнінің мұғалімі Сатова А.Д. және жас маман биология пәнінің мұғалімі Абдухамедов А.И. 8 сыныптармен Полиглот сайысын өткізді. Сайыс жас ерекшеліктеріне сай, жақсы ұйымдастырылған.
Жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі Оспанбаева Жанат 8б сыныбымен «Сүйектің бөлімдері мен байланысуы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Интерактивті тақтаны ұтымды пайдаланып, сабақ жүйелі өтілді.
География пәнінің мұғалімі Алдатаева Гүлшат 9в сыныбымен «Көлік кешені» тақырыбында ашық сабақ және 9сыныптар арасында «Қызықты география» тақырыбында сыныптан тыс жұмыс өткізді. Сабаққа оқушылар жақсы дайындалған, қызықты, тартымды, жүйелі өтілді. Мұғалімдер ұсыныстарын айтты. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жеке жүргізілсін.
География пәнінің мұғалімі Рүстемова Анар 7а сыныбымен «Топырақтың экологиялық проблемалары» тақырыбында ашық сабақ және 7б сыныбымен « Туған жерім- Таразым» атты тәрбие сағатын көрсетті. Жақсы дайындалған, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы өз деңгейінде, ұсыныстар айтылды.
Жас маман Абдухамедов Алишер 5е сыныбымен «Живые и неживые природы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ жүйелі , көп ізденген, сыныпты толық меңгере алды. Мұғалімге ұсыныстар айтылды: интерактивті тақтаны ұтымды пайдалану қажет, пән бойынша іздену қажет деп ойларын қорытындылады.
Сатова Айгүл 8ә сыныбымен химия пәнінен «Ковалентті байланыс» тақырыбында ашық сабақ өтті. Үш тілде сабағы өте қызықты, тартымды, жүйелі өтілді. Сабаққа қатысқан мұғалімдер жақсы көңіл күймен шықты, өздеріне алғандары көп болды.
Онкүндіктің жабылуы 1-2 кезеңдер бойынша линейка түрінде өтіліп, белсене қатысқан оқушылар мен сыныптар мақтау қағазымен марапатталды. Сабаққа қатысқан мұғалімдердің ұсыныстары назарға алынады, бірлестік мүшелері бірлесе отырып жұмыстар атқаруда.

Похожие публикации:

04 наурыз 2019 ҰБТ
04 наурыз 2019 Іс-шаралар
25 ақпан 2019 Іс-шаралар