Іс-шаралар » Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің "Мағжан Жұмабаев атындағы № 21 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Мағжан жұмабаев атындағы №21 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 52-79-96
Есепші бөлімі:
+7(7262) 52-76-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
наурыз
2019

Іс-шаралар

Азаматтық қорғаныстың 2018-2019 оқу жылының жоспарына сәйкес және «Көктем 2019» атты 27-ақпанда өткізілген сейсможаттығу жөнінде
МӘЛІМЕТ

М. Жұмабаев атындағы №21 орта мектепте 2019 жылдың 27-ақпан күні екі ауысымда сейсможаттығу болып өтті. Сейсможаттығу тақырыбы: «көктем 2019» су тасқыны кезіндегі оқушылар мен мектеп ұжымының іс-әрекеті.
Сейсможаттығу өткізудегі мақсат: Су тасқыны кезінде оның салдарын жою мақсатында іс-тәжірибе жинақтау,
Сейсможаттығу бірінші ауысымда сағат 12.30-13.00 аралығында болып, І ауысымнан 24 сыныптан 465 оқушы, 48 мұғалім қатысты. ІІ ауысым сағат 17.20-18.00 аралығында өткізіліп, ІІ ауысымнан 21 сынаптан 438 оқушы, 41 мұғалім қатысты.
Сейсможаттығу өткізу АҚ бастығының №315 бұйрығымен құрылған штаб басшылығы негізінде өткізілді. Ең бірінші белгіленген уақытта берілген 3 рет қоңыраудан кейін әрбәр сыныптаға оқушылар мұғалімдерімен бірге бір саппен мектептің спорт алаңына шығарылды. Мектептің қосымша есіктері ашылып, оқушылардың сыртқа шығу кептелісінің туындамауына жағдай жасалынды. Жаттығу алаңында сынып жетекшілері оқушыларын түгендеп, штаббастығына АӘД пәні мұғалімі Еркебулан Боранов баяндады.
І ауысым бойынша АДК басшысы Б. Торебаева, ІІ ауысым бойынша З. Нигматуллаева көп су жұтып зардап шеккен оқушыларға жасалынатын алғашқы дәрігерлік көмек жөнінде жаттығу көрсетті.
Екі ауысым бойынша оқу-жаттығу өз уақытында өткізіліп, төтенше апат жағдайларында атқарылатын жұмыс толық таныстырылды.


АҚ бастығы С. Б. Ботамқулова

АҚ штаб бастығы Қ.П. Шаханов


Похожие публикации:

04 наурыз 2019 Іс-шаралар
23 мамыр 2017 ҰБТ Туралы