Іс-шаралар » Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің "Мағжан Жұмабаев атындағы № 21 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Мағжан жұмабаев атындағы №21 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 52-79-96
Есепші бөлімі:
+7(7262) 52-76-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
наурыз
2019

Іс-шаралар

Су тасқыны
Гидрологтар су тасқынын 4 түрге бөледі.
1. Төменгі – жазықтағы өзендерде болады. 5-10 жылда бір қайталанады.
Алдын ала дайындалса өмір ырғағына нұқсан келтіре қоймайды.
2. Жоғарғы - өзен жағалауының біршама аумағын су басады. Кейде қалыптасқан тұрмысқа едәуір залал келтіреді, қоныс аударуды қажет етеді, 20-25 жылда бір болатын су тасқыны.
3. Әйгілі – ауылшаруашылық жерлерінің 50 пайызын басатын, жаппай қоныс аударуды қажет ететін су тасқыны. Қалаларды, тұрғылықты жерлерді су басады. 50-100 жылда бір болатын су тасқыны.
4. Апатты – 100-200 жылда бір болатын су тасқыны. Бірнеше өзендердің жүйесін су басады. Өмір тіршілігін өзгертеді.
Көптеген су тасқындарын алдын ала болжап, шығынын азайтуға болады: дамбалар мен бөгеттерді тексеретін, тұрғындарды хабардар ететін, қажет болған жағдайда инженерлік жұмыстарды жүргізетін су тасқынына қарсы комиссиялар құрылады.
Су тасқыны болғанда не істеу керек?
Егер сіздің үйіңіз су басатын аймаққа жатады деп хабарланса:
1. газ, су, электр жүйесін өшіру керек;
2. пештегі отты сөндіру қажет;
3. жоғарға қабатқа немесе үйдің шатырына бағалы заттар мен бұйымдарды шығару керек;
4. есік, терезелерді жауып, төменгі қабаттағы үйлердің есік, терезелерін ағашпен қағып тастау қажет.
Егер қоныс аудару жайлы хабар алсаңыз:
1. жылы, ыңғайлы киім, етік, көрпе, ақша және бағалы заттарды дайындап қойыңыз;
2. үш күндік тамақ дайындаңыз;
3. алғашқы медециналық көмекке қажетті, өзіңіз қолданатын дәрі-дәрмектерді дайындау;
4. паспорт және қажетті құжаттарды су өтпейтін қалаға салу керек;
5. төсек-орын және жеке өзіңізге қажетті заттарды өзіңізбен бірге алу керек.
Барлық заттарыңыз бен тамақты рюкзакка, чемоданға немесе үлкен сөмкеге салған дұрыс. Қауіпті аумақтан қайда, қалай (көлікпен, жаяу) бару керектігі хабарланады. Соңғы қоныс аудару пунктіне міндетті түрде тіркелу қажет.
Су кенеттен қатты көтерілгенде не істеу керек?
Біріншіден – үйді қорғап қалу шараларын жасап, қоныс аударуға дайындалу керек.
Екіншіден – неғұрлым теізірек биік жерге орналасу керек. Қоныс аударуға қажетті заттарды дайындап қойған абзал.
Қайықтан басқа жүзуге жарайтын бөшке, бөрене ағашы, есіктер, автокөлік камералары, т.с.с. заттарды дайындау керек.
Көмек келгенше немесе су тасқыны басталғанша жоғарғы қабатта, шатырда, ағаш басында болған дұрыс. Құтқарушылар тобы тезірек табу үшін күндіз жоғарғы жерге ақ немесе ашық түсті мата байлап қою керек. Су үстінде орын ауыстыруға, жүруге, бортқа отыруға болмайды.
Су басқан ауданнан өздігінен тек басқа амал болмаған жағдайда немесе біреуге медециналық (дәрігерлік) көмек керек болған жағдайда, су қатты көтеріліп немесе құтқарушылар келмейтініне көз жеткенде ғана өтуге болады.
Өздігінен судан өтуге шешім қабылдамас бұрын ойланып, дайын болу керек.
Мысалы: жүзуге арналған заттар, суықтан қорғану, жағдайға қарай әрекет жасау (су ағысы, көтеріліуі түсуі, құтқарушылардың келмеуі т.б.) жүру маршрутын белгілеу.
Суға секіру (суға арналған құралдармен) сіз отырған биіктікке су көтеріліп, басып жатқанда, құтқарушылар келмей жатқанда ғана болады. Жоғары қарай биікке абайлап, әрбір басқан қадамды тексеріп жүру керек. Себебі, жолды су шайып кетуі мүмкін. Автокөлікті жолдың бойына қалдырып кетпеңіз.
Тұрғын жерді екі түрлі жағдайда су алады:
1.Тікелей су басу – көше, аула, бірнеше қабатты үйлерді су басады.
2.Су басу – су подвалға канализация құбырлары арқылы өтіп, жер асты судың деңгеінің көтерілуінен болады.
Бұл екі жағдайда да үйдің фундаменті бұзылып құбырлар істен шығады, газ электр жүйесі, байланыс магистральдары зақымданады. Сондықтан, су деңгейі төмен түскеннен кейін үйге кірерде жан-жақты бақылап, енген жөн.
Үйге кірмес бұрын оны желдетіп, от (шырпы) жақпау керек, электр жүйесін қосуға болмайды. Газ иісі болуы мүмкін.
Үйдің ішін кептіру үшін терезені ашып қойып, су болған заттарды сыртқа шығару керек.
Электр жүйесін, газды, суды, канализацияны тек қана мамандардың рұқсатынан кейін ғана қолдану керек.
Су тасқынының салдарынан басқа да апат көздері орын алуы мүмкін: олар - өнеркәсіп орындарындағы апат, химиялық заттардың төгілуі, электр сымдарының үзіліп, жүйенің істен шығуынан болатын қауіпті жағдайлар.
Әрдайым мынаны ұмытпау керек:
Суға түскен тағамды жеуге болмайды, су басқан құдықтың суы тазармайынша ішуге болмайды. Өлген жануарлар жайлы жергілікті басшыларға хабарлау керек.
Ауыз суды, су болған тағамдарды санитарлық қызмет органдары тексергеннен кейін ғана қолданған дұрыс.
Эпидемия – су тасқыны салдарынан болатын құбылыс екенін ұмытпаңыз!

Алғашқы көмек көрсету
Есте сақтаңыз!
Зардап шегушіні дем тоқтағаннан кейін 6 минутке дейін кешікпесеңіз өмірге оралтуға мүмкіндік бар. Ол үшін: зардап шеккеннің басын қисайтып, ауызды құм мен балшықтан тазарту керек. Мұның бәріне 15 секундтан артық уақыт кетпеуі тиіс.
Зардап шегушінің тынысы мен тамыр соғысының бар-жоғын анықтау қажет. Тамыр соғысы білінбесе, «ауыздан ауызға» тәсілімен жасанды дем беруге кірісу керек.
Зардап шегушінің басы мейлінше артқа шалқаюы үшін жұмырлап оралған киімді мойнының астына қою қажет. Зардап шегушінің мұрнын қысып, құтқарушы оның ашық аузынан терең дем береді және батыл түрде дем шығарады. Үрлеудің жиілігі минутына 12-15 рет.
Жасанды дем берумен бірге бір мезгілді жүректің сыртынан уқалау керек. Суға кетушінің жүрек тұсы кеудесінің төменге бөлігіне алақанды бірінің үстіне бірін қойып, басуды минутына 70 рет жиілікте жасау қажет (4 басуға – бір ауа үрлеу)
Жаңартылған күні:
Жұма, 27 ақпан 2019

Похожие публикации:

04 наурыз 2019 Іс-шаралар
04 наурыз 2019 Іс-шаралар