«Жас көшбасшы – тәуелсіз елдің тірегі» оқушылар форумы » Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің "Мағжан Жұмабаев атындағы № 21 орта мектеп" управления образования акимата Жамбылской области
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа №21 имени Магжана Жумабаева»
"отдела образования города Тараз "
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(7262) 52-79-96
Бухгалтерия
+7(7262) 52-76-86
Версия для
слабовидящих
13
декабрь
2025

«Жас көшбасшы – тәуелсіз елдің тірегі» оқушылар форумы

«Жас көшбасшы – тәуелсіз елдің тірегі» оқушылар форумы
Тәуелсіздік күніне арналған
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектебінің базасында «Жас көшбасшы – тәуелсіз елдің тірегі» атты оқушылар форумы өтті. Шараның негізгі мақсаты – елдің болашағына жауапкершілікпен қарайтын, білімді де белсенді жас көшбасшылардың бастамаларын қолдау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және қоғамдық белсенділікке ынталандыру. Форумға мектеп парламенті, «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері, «Жас ұлан» ұйымы, оқу озаттары, спортшылар және олимпиада мен ғылыми жобалар жеңімпаздары қатысты.
Форумның құрметті қонағы – Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, публицист Нұржан Қадірәлі. Қонақ қатысушыларға тәуелсіздік құндылығы, ұлттық рух, жас буынның миссиясы туралы тағылымды ой айтып, шығармашылық жолындағы тәжірибесімен бөлісті. Оның жас ұрпаққа арнаған рухты сөзі форумның маңызын арттыра түсті. Тәуелсіздікке арнап шығарған авторлық өлеңдері оқушылардың жүрегіне патриоттық сезім ұялатты.
Форум барысында оқушылар
«Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында өлеңдер, әндер, ұлттық ән-күйлер орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Мектептің үздік оқушылары, еріктілер клубының мүшелері, олимпиада және ғылыми жобалар жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.
«Жас көшбасшы – тәуелсіз елдің тірегі» оқушылар форумы — тәуелсіз Қазақстанның болашағын жасайтын жас буынның әлеуетін ашатын маңызды алаң болды.
https://www.facebook.com/share/v/1FWMu3rQoH/