Мероприятие » Страница 2 » Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің "Мағжан Жұмабаев атындағы № 21 орта мектеп" управления образования акимата Жамбылской области
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа №21 имени Магжана Жумабаева»
"отдела образования города Тараз "
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(7262) 52-79-96
Бухгалтерия
+7(7262) 52-76-86
Версия для
слабовидящих
“Жолда жүру ережесін білейік! “Қауіпсіздік – әр адамның өміріндегі ең басты құндылық.
13
октябрь
2025
“Жолда жүру ережесін білейік! “Қауіпсіздік – әр адамның өміріндегі ең
Жолда жүру ережесін сақтау – тек өзіңнің ғана емес, айналадағы адамдардың да амандығы. Жаяу жүргіншілер жолынан өту. Бағдаршамға бағыну. Жол белгілерін білу. Көшеде абай болу – барлығымыздың міндетіміз.Бастауыш сынып оқушыларына жол ережесін сақтап, жол белгілерін үйреніп, жолда дұрыс жүріп-тұруды үйрену – үлкен жауапкершілік екені түсіндірілді.«Жолдағы тәртіп – өмір кепілі!»  https://www.facebook.com/share/v/15XZ8avyEB/
АБАЙ - ХАЛЫҚТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ!
09
октябрь
2025
АБАЙ - ХАЛЫҚТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ!
М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектепте қазақтың дара ақыны, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Абай өлеңдерін жатқа оқудан челендж ұйымдастырылды. Оқушылар мен ұстаздар ұлт руханиятының шамшырағы - Абай шығармаларын насихаттап, өлеңдерін жатқа оқып, ой-толғауларымен бөлісті. Мақсат - ұлы ақын мұрасын өскелең ұрпаққа кеңінен таныту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. https://www.facebook.com/reel/1338633167840934/?mibextid=rS40aB7S9Ucbxw6v
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің «Атамұра» пән бірлестігінің айлық ашылу іс-шарасы.
09
октябрь
2025
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің «Атамұра» пән
8.09.2025 ж мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Атамұра» пән бірлестігінің айлық ашылу шарасы жоғары деңгейде өтті! ⠀  Шараны мектеп директоры Мырзахат Зәуре Мазтайқызы салтанатты түрде ашып, тілдің маңыздылығы мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудің мәні туралы жүрекжарды лебізін білдірді. ⠀ Шара барысында:  Оқушылар ұлттық рухты көтеретін күйлерді домбырамен орындады,  Жүрек тебірентер өлеңдер оқыды. Ал білімді оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп,
"1 октябрь - Халықаралық қарттар күні"
01
октябрь
2025
"1 октябрь - Халықаралық қарттар күні"
Құрметті ата-әжелер, қадірлі қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз, даналықтарыңыз бен төккен терлеріңіз - біз үшін баға жетпес қазына. Әрдайым дендеріңіз сау, көңілдеріңіз көтеріңкі, жанұяларыңыз шаттық пен берекеге толы болсын. Ұрпақтарыңыздың қуанышына бөленіп, ұзақ ғұмыр кешулеріңізге тілектеспіз. https://www.facebook.com/reel/1439388983797361/?mibextid=rS40aB7S9Ucbxw6v
"Ұстазға алғыс"
01
октябрь
2025
"Ұстазға алғыс"
Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер - ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы, ел болашағының шамшырағысыздар.Білім мен мейірім сыйлаған алтын жүректеріңізге алғысымыз шексіз№Еңбектеріңіз еленіп, абырой беделдеріңіз арта берсін! https://www.facebook.com/reel/786737324222628/?mibextid=rS40aB7S9Ucbxw6v
Буллингке жол жоқ!
25
сентябрь
2025
Буллингке жол жоқ!
Буллинг - біреуді қорлау, мазақ ету, сыртқа тебу. Ол адамның психологиясына ауыр әсер етеді.Әркім құрметке лайық. Кім болса да, мейірімділік пен қолдауға мұқтаж. Біз-бір-бірімізді тыңдайтын, түсінетін, көмектесетін орта қалыптастыруымыз керек. Басқаны жылатпа - өзің де жылама! https://www.facebook.com/100041108322686/posts/1553255629388033/?mibextid=rS40aB7S9Ucbxw6v
« Білім алушылар мен педагогикалық ұжымның «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеті»  тақырыбында өткізілген мектепішілік жаттығу
24
сентябрь
2025
« Білім алушылар мен педагогикалық ұжымның «Жер сілкінісі кезіндегі
2025 жылдың 23 қыркүйегінде #21 орта мектебінде « Білім алушылар мен педагогикалық ұжымның «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеті»  тақырыбында азаматтық қорғаныс пен Төтенше жағдай  бойынша жалпы мектепішілік жаттығу өткізілді. Аталған жаттығуға  мектептің 29 қызметкері, 82 педагог, 910 білім алушы қатысты. Эвакуация уақыты 2 минут 49 секунд. Эвакуация кезінде  ереже бұзушылық орын алған жоқ. Білім алушыларға түрлі төтенше жағдай кезінде  ғимараттан шығу бойынша қажетті нұсқаулықтар берілді. 23
М.Жұмабаев атындағы 21 орта мектебінде құқық бұзушылықтың алдын алу
18
сентябрь
2025
М.Жұмабаев атындағы 21 орта мектебінде құқық бұзушылықтың алдын алу
17.09.2025 ж. М.Жұмабаев атындағы 21 орта мектебінде құқық бұзушылықтың алдын алу, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, құқықтық сауаттылықты дамыту мақсатында Тараз қалалық прокуроры Жолдасов Ербол Ошанбайұлы келіп, оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы
18
сәуір
2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы
18.04.2025ж М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектебінде "Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына", "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 33 жылдығына" орай 10-сыныптар арасында АӘжТД оқытушысы Е.Борановтың және дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектепшілік "Алау" байқауы ұйымдастырылып, өткізілді. https://www.instagram.com/reel/DItqdNRga2V/?igsh=MXQ2a24zZzdmc2hyNw==
“Жер Күнді айналғанда не өзгереді?”
18
сәуір
2025
“Жер Күнді айналғанда не өзгереді?”
18.04.2025 күні 4”Ә” сыныбын “Жер Күнді айналғанда не өзгереді?” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сергіту сәтінен үзінді https://www.instagram.com/reel/DIk8xUhgGJO/?igsh=emJzYnl3anRtZGVz