06
қараша
2025
Хабарландыру
Хабарландыру
2025-2026 оқу жылына конкурстық негізде педагогтерді жұмысқа қабылдау ағымдағы жылдың 5 қарашасынан басталады."Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Мағжан Жұмабаев атындағы №21 орта мектебі" КММ КОНКУРС жариялайды:
2025-2026 оқу жылына конкурстық негізде педагогтерді жұмысқа қабылдау ағымдағы жылдың 5 қарашасынан басталады.
5 қарашасынан бос жұмыс орындары туралы хабарландыру "Enbek.kz" ресми сайтына жарияланды.
Конкурс төмендегідей негізгі бос орындарға
жүргізіледі:
1) Ағылшын тілі пәні мұғалімі 9 сағат (уақытша орын);
2) География 9 сағат (уақытша орын);
Құжат қабылдау мерзімі: 6.11.2025-14.11.2025жыл аралығында жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
«Мемлекекттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату кағидаларын бекіту туралы» Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрыққа 1-қосымшасының 3-тарау, 113-тармағына сәйкес қабылданады.
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8.наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Лауазымдық міндеттері:
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін- кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін- кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін- кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1)"педагог":
1) оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс;
2) білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
3) білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;
4) білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;
5) білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;
6) кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;
2) "педагог-модератор":
1)"педагог" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ:
2)оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;
3)білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымы, аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болуы немесе кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болуы;
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігінің жалпы талаптарына сәйкес келу, бұдан басқа:
ұйымдастырылған оқу қызметін, оқу-тәрбие процесін талдау дағдыларын меңгеру;
білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын сындарлы түрде айқындау;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейіндегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, облыс деңгейіндегі конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жеңімпаздары немесе жүлдегерлері болуы;
облыстың, елдің телевидениесінде трансляциялау үшін енгізілген бейне -, телесабақтар дайындау (Бар болса);
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ:
сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;
білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жабдықтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жеңімпаздары немесе жүлдегерлері болуы;
"Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, "Үздік педагог" атағының иегері (болған жағдайда) болу;
аудан (облыстық маңызы бар қала), облыс (бар болса) деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын сындарлы айқындау;
тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары ұйымдастырған педагогтар үшін семинарлар, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Білім мазмұнын сараптау Республикалық ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "сарапшылардың электрондық базасына" (бұдан әрі-білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы) немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті (болған жағдайда) жанындағы РОӘК ұсынған (бұдан әрі - ТжКБД) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу- әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіру;
елдің, облыстың теледидарында трансляциялау үшін енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған бейне-, теле сабақтар дайындау (Бар болса);
интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін тарату;
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ:
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы РОӘК-те мақұлданған авторлық бағдарламасы болуы тиіс. Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе ЖЖОКБҰ жанындағы РОӘК ұсынған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) немесе тест тапсырмаларын, оқулықтар;
интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін тарату;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс, республика деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау (бар болса); республикалық білім беру мазмұнын сараптау Ғылыми-практикалық орталығының "Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі немесе ТКББД жанындағы РОӘК ұсынған сарапшылар құрамына кіру; республика деңгейінде тәжірибені жинақтау, тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары ұйымдастырған педагогтар үшін семинарлар, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
елдің, облыстың теледидарында трансляциялауға енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған бейне- сабақтар, телесабақтар дайындау (бар болса).
Ескерту: еңбек ақы еңбек өтілі мен біліктілік санатына сәйкес есептеледі.