Біз туралы » Страница 2 » Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің "Мағжан Жұмабаев атындағы № 21 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Мағжан жұмабаев атындағы №21 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 52-79-96
Есепші бөлімі:
+7(7262) 52-76-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Зерде» конкурсының қалалық кезеңі
10
қараша
2025
«Зерде» конкурсының қалалық кезеңі
2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының қалалық кезеңі өтті. Байқау қорытындысы бойынша біздің мектептен «Жаратылыстану-математикалық бағыт» бойынша: 7 «А» сынып оқушысы Саттарқұл Іңкәр «Гуппи балығының көбею ерекшеліктері және тіршілік ортасына бейімделуі.» тақырыбында қалалық кезеңде 3-орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі: Паринбекова Назгул Нұрғалиқызы 2 «А» сынып оқушысы Файзырахман Айлин  “Үй жағдайында нан ашытқысын жасау және
“Абайдың қара сөздері” атты буктрейлер байқауы
06
қараша
2025
“Абайдың қара сөздері” атты буктрейлер байқауы
Мағжан Жұмабаев атындағы №21 орта мектептің 7 сынып оқушысы Мұхамбетқали Айбану Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай қалалық білім бөлімінің ұйымдастырған “Абайдың қара сөздері” атты буктрейлер байқауына кітапхана меңгерушісі Шеримова Ақмаралдың жетекшілігімен қатысып 1 орынды иеленді  https://www.facebook.com/share/v/19kuvprwRY/
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастырумен өткен “Ақберен” байқауы
06
қараша
2025
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастырумен өткен “Ақберен” байқауы
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастырумен өткен “Ақберен” байқауына 9 сынып оқушысы Сахый Аружан қатысып 2 орынды иеленді. Жетекшісі: А. Шеримова  
М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектебінде кезекті педагогикалық кеңес «Білім сапасы мектеп жұмысының негізгі көрсеткіші ретінде» тақырыбында өткізілді.
31
қазан
2025
М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектебінде кезекті педагогикалық кеңес
2025 жылдың 31 қазан күні М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектебінде кезекті педагогикалық кеңес «Білім сапасы мектеп жұмысының негізгі көрсеткіші ретінде» тақырыбында өткізілді. Жиналыс барысында 1- тоқсанның қорытындысы бойынша оқушылардың оқу үлгерімі талданды, мониторинг жүргізілді. Ерекше білімді қажет ететін оқушылар туралы  және инклюзивті оқыту білімімен қамтылуы қарастырылды. Оқу процесінің сапасын бақылау барысы, ЖИ (жасанды интеллект) кіріктірілу деңгейі талқыланды.
М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектебінде 5-11 сыныптардың білім алушылары арасында мектепішілік олимпиада өткізілді
30
қазан
2025
М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектебінде 5-11 сыныптардың білім
2025 жылдың 29-20 қазан күндері М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектебінде 5-11 сыныптардың білім алушылары арасында оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, білім алушыларды қалалық, облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында қоғамдық-гуманитарлық пәндер, жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша мектепішілік олимпиада өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен озық шыққан оқушылар
“Республика күні – ел бірлігі мен тәуелсіздіктің символы”
25
қазан
2025
“Республика күні – ел бірлігі мен тәуелсіздіктің символы”
“Республика күні – ел бірлігі мен тәуелсіздіктің символы” 🇰🇿 25 қазан - Республика күніне арналған сынып сағаттары жүргізілді. 🇰🇿 Мақсаты: Оқушыларға Республика күні туралы түсінік бере отырып, ел тәуелсіздігінің мәнін ұғындыру, Отансүйгіштік сезімдерін арттыру, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. 🇰🇿Оқушылар тәуелсіз еліміздің қалыптасу тарихы мен құндылықтары туралы өз ойларын ортаға салып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін өлең арқылы білдірді.
“Абайдың қара сөздері” атты буктрейлер байқауы
23
қазан
2025
“Абайдың қара сөздері” атты буктрейлер байқауы
Мағжан Жұмабаев атындағы №21 орта мектептің 7 сынып оқушысы Мұхамбетқали Айбану Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай қалалық білім бөлімінің ұйымдастырған “Абайдың қара сөздері” атты буктрейлер байқауына кітапхана меңгерушісі Шеримова Ақмаралдың жетекшілігімен қатысып 1 орынды иеленді.
2025-2026 оқу жылында қабылданған педагогтер 2-конкурс
10
қазан
2025
2025-2026 оқу жылында қабылданған педагогтер 2-конкурс
Конкурс нәтижесі Конкурстан (ағылшын тілі пәні мұғалімі лауазымына, категориясы «педагог» ағылшын тілі пәні мұғалімі лауазымына үміткер Ордабаева Камшат ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен (31.03.2025 №96 өзгерістері мен) бекітілген мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау бойынша \26,5 \ баллмен конкурстан өтті. 2. Конкурстан (педагог-психолог лауазымына, категориясы «педагог-модератор») педагог-психолог
2025-2026 оқу жылында жұмысқа қабылданған педагогтер
10
қазан
2025
2025-2026 оқу жылында жұмысқа қабылданған педагогтер
М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектебінде бос тұрған лауазымға кандидаттарды қабылдау үшін конкурстық комиссия отырысы болып өтті. Конкурс «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №№57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығы негізінде өткізілді.
Хабарландыру
01
қазан
2025
Хабарландыру
№21 мектеп директоры әр айдың бірінші аптасының дүйсенбі күні сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін «Ашық есік күнін» өткізеді.